Қоғам

Қазақстанда 2 мыңнан аса адам вакцинадан кейін вирус жұқтырған

© AFP 2024 / GABRIEL BOUYSШприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций
Шприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
"Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін 2024 адам, QazVac – 40 адам, Hayat-Vax – 140 адам, Coronavac – 6 адам корнавирус жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Екі мыңнан астам қазақстандық вакцина алғаннан кейін коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық министрлігі неге вакциналау тегін, ал ПТР-тест ақылы екенін түсіндірді

"Бүгінде вакцина алғаннан кейін ауырғандар саны – 2 212. Оның ішінде бірінші компонеттен кейін 1308 адам, екінші компоненттен кейін 904 адам індетке шалдықты", - деді ол брифингте.

Есмағамбетова науқастар қандай вакцинадан кейін вирус жұқтырғанын нақтылады: 

  • "Спутник V" – 2024 адам;
  • QazVac – 40 адам;
  • Hayat-Vax –  140 адам;
  • Coronavac – 6 адам.

"Қазіргі таңда шамамен төрт миллион адамға екпе егілді. Яғни вакцина алғандармен салыстырғанда ауырғандар саны небәрі 0,05%-ті құрайды", - деді Есмағамбетова.

Жаңалықтар
0