Өңірлер

Қайын апасын өлтіріп, үйді балалармен бірге өртеген – оқиғаның мән-жайы

© Photo : pixabay.comГорящая спичка, иллюстративное фото
Горящая спичка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Өртті кездейсоқ байқап қалған көрші жігіт балалар мен олардың анасын құтқарып қалды

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Алматы облысында үш баланың анасы қайын апасын өлтіріп, өз балаларының өмірін қиюға әрекеттенді.

Жантүршігерлік оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы елді мекенінде болды.

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, түнгі сағат үштің шамасында аудандық полицияға Қарғалы ауылында жеке үйлердің біріндегі өртті сөндіргеннен кейін зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.  

"Жедел тергеу тобы 37 жастағы әйелдің өлтірілгенін анықтады. Түнде оянған 27 жастағы көрші жігіт жақын маңдағы үйдің өртеніп жатқанын көріп, көмекке жүгірген. Ер адам өрттен үш жас баланы және әйелді құтқарған", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттен құтқарылған әйел – кәмелетке толмағандардың 29 жастағы анасы кісі өлтірді және үйді өртеді деген күдікке ілінді. Ол қылмысты жасағанын бірден мойындады.    

"Ол қайын апасын өлтіріп, үйді өртегенін мойындады, балаларымен бірге өртену үшін бөлмеге бензин шашып, от қойғанын айтты", - деді облыстық полиция.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі және 202-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер сот әйелді кінәлі деп тапса, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0