Қоғам

Әлеуметтік жәрдемақы алуға қатысты жағымды жаңалық жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "Азаматтарға арналған үкімет" әлеуметтік салада 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. 2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап әлеуметтік төлемнің үш түрін тіркелген мекенжайға қарамастан алуға болады. Бұл туралы  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов хабарлады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік төлем рәсімдеудегі басты талап - тұрақты мекенжай анықтамасы.

"Мемлекеттік қызмет көрсету процесін цифрландыру аясында жаңашылдық енгізіліп отыр. Енді кейбір қызмет түрлерін тіркелген мекенжайға қарамастан, кез келген  халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Қазақстандықтар үшінші тоқсанда бала туу, бала күтімі бойынша жәрдемақы, жүктілікке байланысты табыстан айырылу кезінде төленетін ақшаны осы қағидат бойынша ала алады. Сондай-ақ, бала асырап алуға байланысты төлемді де осылай рәсімдеу қарастырылған", - деді Біржан Жүнісов.

Өзге төлемдер бойынша да жыл соңына дейін осы тәртіпті енгізуді жоспарланып отыр.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "Азаматтарға арналған үкімет" әлеуметтік салада 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік корпорация төлемнің 44 түрі бойынша электронды макет енгізбек. Міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар бойынша дербестендірілген есеп болады.

Жаңалықтар
0