Қоғам

Нұр-Сұлтанда дипломы бар биотехнологтың қылмысы әшкере болды – видео

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Қалалық саябақта жедел тергеу шараларын жүргізу барысында жігіт полицейлерге есірткі жасырған құпия орындарын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Елордалық полицейлер қаладағы элиталы тұрғын үй кешенінің пәтерінде орналасқан есірткі зертханасын жойды.

27 жастағы биотехнолог зертханада "Мефедрон" және "Амфетамин" синтетикалық есірткілерін дайындаған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.  

Есірткі зертханасы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде жалдамалы пәтерде орналасқан. Күдікті өзі дайындаған есірткіні интернет-дүкені арқылы сатып келген.

"27 жастағы биотехнологтың үйін тінту кезінде синтетикалық есірткі дайындау формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, психоактивті заттар өндіруге арналған химиялық компоненттер, колбалар, қаптауға арналған полиэтиленді қалташалар, дербес компьютер (сол арқылы есірткіні сатқан), сонымен қатар салмағы 10 грамнан асатын дайын "синтетика" табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Күдікті есірткіні өзінің интернет дүкені арқылы сатқан. Сатып алушылармен бетпе-бет кездеспес үшін есірткіні халық көп жүретін орындарда, орталық саябақтарда, тіпті, балалар алаңдарына да қалдырып кетіп отырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Елордадағы қалалық саябақтардың бірінде жедел тергеу шараларын өткізу барысында жігіт полицейлерге есірткі жасырған құпия орындарын көрсетті.

Операция нәтижесінде синтетикалық есірткінің бір реттік 60 дозасы заңсыз айналымнан алынды.

Полиция департаментінің ақпаратынша, қазір ұсталған азамат қамауда отыр. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша айып тағылды. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: "Қатты қорқып жүрдім": Қарағандыда аптасына 200 мың теңге тапқан қыз 10 жылға сотталды

Айта кетсек, бұл елордалық полицейлер жыл басынан бері жойған осымен екінші зертхана. Бұған қоса, осы жылдың 6 айы ішінде заңсыз айналымнан 45 келіден астам есірткі тәркіленді, олардың арасында "героин", "марихуана", "наша" және "синтетикалық есірткі" бар. 12 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, елордалық полиция есірткі арналарын жоюға қала тұрғындарының да көмегі тиетінін атап өтті. Мәселен, жыл басынан бері тұрғындар есірткі сататын интернет дүкендер жарнамаланған 51 граффити сурет туралы хабарлаған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, деп сендірді полиция департаменті.

Жаңалықтар
0