Видео

Нұр-Сұлтанда Астана форматында Сирия бойынша 16-келіссөздер өтті

Жазылу
Қазақстанда Сирия келіссөздері екі жылдық үзілістен кейін қайта басталды. Кездесу коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтіп жатыр. Отырыстың тікелей эфирін көріңіздер

Елордада 7-8 шілдеде Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтті. Келіссөзге қатысушылар арасында кепілгер елдердің (Иран, Ресей және Түркия), Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының өкілдері, сондай-ақ БҰҰ бақылаушылары, Иордания, Ливан және Ирактың делегациясы бар.

Бұл Сирия бойынша Қазақстанда өтіп жатқан он алтыншы кездесу. Алғаш рет келіссөздер 2017 жылы сол кездегі Астанада өткен болатын. Содан бері Қазақстанның бас қаласында 13 кездесу өтіп, олар "астаналық" деген атауға ие болды. Алайда екі рет – 2018 жылдың шілдесі мен осы жылдың ақпанында келіссөзге қатысушылар Сочи қаласында бас қосты.

Нұр-Сұлтанда өткен Сирия бойынша кезекті кездесудің видеосын көріңіз. 

Жаңалықтар
0