НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Коронавирусқа қарсы жаппай міндетті вакциналау енгізілгеннен кейін адамдар екпе салғызған соң антиденелер деңгейінің төмен болуы ықтималдылығына қатысты алаңдаушылық таныта бастады.
Мұндай жағдай не себепті қалыптасады және ол үшін алаңдаған дұрыс па, осы туралы Еуропа медицина орталығының жалпы тәжірибе дәрігері Александр Доленко айтып берді.
"Қазіргі уақытта антиденелер көлемі аз немесе жеткіліксіз деген ұғым жоқ. Өйткені антиденелердің қандай деңгейі аурудың алдын алуға жеткілікті, ал қаншасы вирусқа төтеп бере алмайтыны туралы қандай да бір шекті мән әлемде белгіленген", - деді ол "Прайм" агенттігіне.
Әрбір адамның иммундық жүйесінің ерекшелігіне қарай антиденелер мүлде қалыптаспауы немесе аз көлемде түзілуі мүмкін. Мысалы, егде жастағы адамдар арасында осындай жағдай тіркелуі заңдылық.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырмаған адамдардан антидене анықталды – ғалымдар себебін айтты
Оның айтуынша, вакциналау тиімділігі антиденелер қалыптасуымен шектеледі деп ойлаған дұрыс емес. Әйтсе де вакциналау нәтижесін білу үшін екпенің екінші дозасын салғызғаннан кейін 21 күн өткен соң тест жасауға болады.