Қоғам

Бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Әнуар Ахметжанов "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің түлегі

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

"Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. "Самұрық-Қазына" АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарды", - делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды.

Әнуар Ахметжанов "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің түлегі. "Энергетикалық ресурстар және технологиялар", "Халықаралық қаржы" мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Жаңалықтар
0