Өңірлер

Синоптиктер кей өңірлерде құрғақшылық болатынын ескертті

Засуха - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Шілдеде Қазақстанның батысы мен солтүстігінің кейбір аудандарында құрғақшылық болады деген болжам жасалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Осы айда бірқатар өңірде экстремалды құрғақшылық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.
Статистикалық болжамға сәйкес, экстремалды қуаңшылық келесі аудандарда болады:

  • Ақтөбе облысы - Нұра, Ырғыз;
  • Қостанай облысы - Қарамеңді, Амангелді;
  • Атырау облысы – Құлсары;
  • Маңғыстау облысы – Аққұдық.

Сондай-ақ, бірқатар өңірлерде қатты құрғақшылық болады деген болжам бар. Олар:

  • Ақмола облысы - Есіл, Жақсы, Атбасар;
  • Ақтөбе облысы - Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз;
  • Қостанай облысы - Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – Тайынша;
  • Маңғыстау облысы – Сам.

Ал орташа қуаңшылық келесі елді мекендерде болады:

  • Ақмола облысы – Балкашино;
  • Ақтөбе облысы - Комсомольское, Темір;
  • Қостанай облысы – Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - Явленка, Сергеевка және Рузаевка;
  • Шығыс Қазақстан облысы – Лениногорск;
  • Жамбыл облысы – Қордай;
  • Алматы облысы - 4-ші Ауыл;
  • Қызылорда облысы – Қазалы;
  • Атырау облысы – Атырау.

"Маусым айының соңғы онкүндігіндегі мол жауын-шашын арқасында, Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) орташа ылғал болжанады. Қалған аумақтарда қалыпты жағдайға жақын болмақ", - дейді синоптиктер.

Шілде айында еліміздің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын нормаға жуық жауады.

Жаңалықтар
0