Денсаулық

"Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Жиырмадан аса балаға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті егілді, қазір олардың жағдайы жақсы

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ресейде "Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды, деп хабарлайды РИА Новости Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Раковаға сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 5 шілде 21 адам "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші фазасына 12-17 жастағы жасөспірімдер қатысып жатыр.

"Екпе алдында қатысушылар міндетті түрде жіті медициналық тексерістен өтеді. Оның ішіне ПТР-тестілеу де кіреді. Кеше 21 адамға бірінші компонент егілді, оның 11-і – З.А.Башляева атындағы балалар ауруханасында, 10-ы – Морозовская балалар ауруханасында. Балалардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр, тек екі жасөспірімнің ғана аздап дене қызуы көтерілді, ал жалпы барлығы өзін жақсы сезінеді", - деді мэр орынбасары.

Тағы оқыңыз: Вакцинадан бас тартқан: Алматы облысында тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

Ракова жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасы салынғанын атап өтті.

Айта кетсек, бұл препарат қазір 18 жастан асқандарға егіліп жатыр.

Жаңалықтар
0