Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда науқастар саны өсті – қалада тағы екі стационар ашылды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Қалалық психикалық денсаулық орталығында 230 төсек-орын, ал қорғаныс министрлігінің бас әскери клиникалық госпиталінде қосымша 90 төсек-орын жабдықталды

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан науқастардың көбеюіне байланысты қосымша екі инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша қалалық психикалық денсаулық орталығында 230 төсек-орын, ал қорғаныс министрлігінің бас әскери клиникалық госпиталінде қосымша 90 төсек-орын жабдықталды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жаңа стационарларға қандай науқастар жатқызылатынын түсіндірді.

"Орташа және ауыр жағдайдағы науқастар сол жағалаудағы психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына, сондай-ақ, әскери госпитальға жатқызылады. Ал психикалық денсаулық орталығының пациенттері одан әрі мамандандырылған көмекті психиатриялық блокта алады. Осы орталықта төсек орындарын ашу қажеттілігіне байланысты біз оларды басқа корпустарға ауыстырамыз. Екі стационарда да реанимациялық төсектер бар, олар КВИ-ден емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтармен толық жабдықталған", — дейді Мұратов.

Айта кеткен жөн, өткен жылы дәл осы екі ауруханада COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар емделген. Ал тамыз айында коронавирусты жұқтыру көрсеткіші төмендегеннен кейін инфекциялық стационарлар жабылған болатын. Енді оларды қайта жабдықтауға тура келіп отыр.

"Бізде маусым-шілде айларында науқастардың саны көп болады. Былтыр жазда дәл осы айларда науқастардың ең көп саны тіркелген. Тұрғындарды үйде ұстап отыру қиын. Қоғамдық орындарға адам көп жиналуынан, сол сияқты санитарлық талаптарды сақтамауынан жағдай нашарлайды. Оған демалыс кезеңі, оқушылардың жазғы каникулы және тағы басқа мәселелер әсер етеді", — деп атап өтті басқарма басшысы.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инфекциялық стационарларда 1 877 пациент жатыр, төсек-орындарының 77 проценті толып тұр. Соның ішінде 147 пациент (138 КВИ) реанимация бөлімшесінде (80%), ал 30 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0