НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда астаналық форматта Сирия бойынша халықаралық келіссөздер басталды.
Елордадағы сириялық келіссөздер екі күн – 7 және 8 шілде жалғасады. Келіссөздердің бірінші күні Ritz-Carlton қонақ үйінде өтіп жатыр.
"Астаналық форматта Сирия бойынша халықаралық кездесудің он алтыншы раунды басталды. Қазір ресейлік делегация мен Сирия үкіметі делегациясының екіжақты кездесуі өтуде. Кездесу жабық өтіп жатыр", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға РФ сыртқы істер министрлігіндегілер.
Министрліктің мәліметінше, ресейлік тарапты Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, ал ресми Дамаскты Сирияның сыртқы істер министрінің орынбасары Айман Сусан бастап келді.