Әлем

Еуропа коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттей ме?

© AP Photo / Bertrand GuayМедсестра наполняет шприц вакциной от коронавируса
Медсестра наполняет шприц вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Еуроодақ елдері жаппай вакциналау арқылы инфекцияның таралуына төтеп беру туралы шешім қабылдады  

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Франция билігі кейбір мамандық иелері үшін коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау талаптарын енгізуді қарастырып жатыр. Олардың қатарында медицина саласындағы барлық қызметкер, қарттар үйі және әлеуметтік мекемеде жұмыс істейтіндер бар, деп жазды РИА Новости.

Осыған байланысты екпеден бас тарту ықтималдығын реттейтін заңнамалық акті қабылданады.

Егер азаматта вакциналаудан бас тартуға негіз болатындай себеп анықталмаса, онда оған адамдармен тікелей қарым-қатынас орнатуды қарастырмайтын басқа қызметке ауысу немесе жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына кету ұсынылады.

Ашхабад - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Коронавирус жоқ ел халықты COVID-ке қарсы вакцина салдыруға міндеттеді  
Италияда да дәл осындай жағдай қалыптасып отыр. Демократияны жақтайтындар бұл талапқа заң аясында қарсы шығуға тырысып  жатыр. Алайда әділет органының шешімі қандай болатыны белгілі. Себебі италиялық сот "әлеумет пен қоғам игілігіне қауіп төнген шақта жеке бас мәселесі мен адамның қалауы екінші орынға ысырылады" дегенді алға тартып отыр.

Еуроодақ ондаған жыл бойы өзін азаматтардың құқықтары мен еркіндігін барлығынан жоғары қоятын ұйым ретінде танытып келді. Алайда коронавирус пандемиясы ахуалды түбегейлі өзгертті. Сол себепті ЕО елдері жаппай вакциналау арқылы инфекцияның таралуына төтеп беру туралы шешім қабылдады.

Бірақ Еуроодақ қауіпті вирус жұқтыру қарқыны бәсеңдемей жатқан шақта да ресейлік вакцинаны қаралауды және осы әрекеті арқылы Ресей Федерациясындағы жаппай вакциналауға кедергі келтіруді доғарар емес. Сол мақсатта "Sputnik V" қауіпсіз әрі тиімді емес", "екпе адамның қалыпты иммунитетіне орасан зор зиян келтіреді" деген сынды мәлімдеме таратты.

"Әйтсе де шынайы картина мүлде басқа жағдайды бейнелеп тұр. Ресейдегі екпе салу науқанының жіті ұйымдастырылғаны соншалық, Еуропада тұратын азаматтар "Sputnik V" вакцинасының екі дозасын алу үшін арнайы Ресейге келіп жатыр", - деп жазды басылым.

Будапештің ЕО бюджеті бойынша наразылық пікірін қайтарып алғаны үшін Венгрияға ресейлік вакцинаны сатып алуға рұқсат еткен Брюссель Словакияға мұндай еркіндік бермеді. Сондай-ақ украиндік БАҚ көмегімен жеткізілген медикамент дозасының құрамы апробация үшін алынған үлгіден өзгеше екендігі туралы дәйексіз ақпарат таратылды.

Қалай болғанда да Еуропаның дәрілік заттар агенттігі Ресей вакцинасын тіркеуге асығар емес. Егер бұған дейін Pfizer/BioNTech пен AstraZeneca өтінімдері қысқа мерзімде қарастырылған болса, Sputnik V тіркеуді күткеніне бірнеше айдың жүзі болды.

Мәскеу мен Париж және Берлин арасындағы вакцинаға қатысты талқылаулар да бұл процесті жылдамдата алмай отыр. Себебі шешім қабылдайтын Еуроодақ. ЕО осы әрекеті арқылы Sputnik V препаратының қауымдастық территориясында таралуына және Ресейдегі вакциналау науқанының үдемелі сипатта жүруіне кедергі жасағысы келіп отыр.

Ресейдің азаматтарды екпе салғызуға қатысты үндеуін "диктаторлық әрекет" деп сипаттаған ЕО енді өздері коронавирусқа қарсы міндетті вакциналауды енгізуді қарастырып жатыр.

Жаңалықтар
0