Өңірлер

Демалушылар Ақтаудағы тегін жағажайды қоқыс алаңына айналдырды – видео

© Photo : СС0 / Willfried Wende Мусор
Мусор - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Аптап ыстық кезінде Қазақстанның курорттық аймақтарында туристер саны артып кетті. Қапшағай мен Бурабайға барар жолда бірнеше шақырым кептеліс болды

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Ақтауда демалушылар Солдатский тегін жағажайын қоқыс алаңына айналдырды. Қала тұрғындары жағажайға келушілердің мұндай әрекетіне наразы, деп жазады "Лада".

Күн сайын қоқыс шашылып жатады, дейді олар.

"Бұл тегін жағажай. Алайда күн сайын қоқыс шашып кетеді. Мәдениет, тәрбие деген қайда? Олар әлде ондайды білмейді ме?", - деп шағымданды Кәрім есімді Ақтау тұрғыны.

Еске сала кетсек, аптап ыстық кезінде Қазақстанның курорттық аймақтарында туристер саны артып кетті. Қапшағай мен Бурабайға барар жолда бірнеше шақырым кептеліс болды.

Жаңалықтар
0