НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жаңбырлы болады, елдің солтүстік-батысында және батысында нөсер жауын жауады. Тек елдің солтүстігінде күн ашық, деп хабарлады Қазгидромет.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріліп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысында дауыл тұрады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Қызылорда облысында қатты ыстық болады, желдің жылдамдығы – секундына 15-25 метр, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысында секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл тұрады.
Жамбыл, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Күндіз Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда сынап бағанасы күндіз +26 .. + 28 ° C, түнде +13 .. + 15 ° C көрсетеді. Күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.
Алматыда күн ыстық болады: күндіз ауа температурасы +36 .. + 38 ° C дейін ысиды, түнде сынап бағанасы +23 .. + 25 ° C көрсетеді.
Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады деп болжап отыр, күндіз +40 .. + 42 ° C-қа дейін ыстық, түнде +24 .. + 26 ° C жылы болады.