Өңірлер

Ертеңнен бастап тағы бір облыста карантин күшейеді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Жазылу
Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, ол жеті шілдеден бастап күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер қатаңдатылады. Тиісті қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері қол қойды.

Қаулыға сәйкес, мейрамхана, дәмхана типіндегі жабық қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Сенбі және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал даладағы дәмханалар жұмыс және демалыс күндері 07:00-ден 20:00-ге дейін істейді. Тамақты өзімен бірге алып кету және жеткізу штаттық режимде жалғасады.

"Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, ас беру) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін және ашық ауада (жазғы залдар) сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Ұжымдық, салтанатты шаралар, отбасылық басқосу және басқа да бұқаралық шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады. "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда еске алуды өткізуге рұқсат бар.

Сонымен қатар "Ashyq" жобасына қосылған фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру нысандарының қызметіне рұқсат етіледі. Алайда топта бес адамнан аспауы керек. Жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін істесе, демалыс күндері жабық болады.

Қалааралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салынады.

Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0