Қоғам

Дәрігер өмір жасын ұзартудың ең оңай жолын атады

© Sputnik / Виктор Чернов / Медиабанкке өтуАрхивное фото пожилой пары в осеннем парке
Архивное фото пожилой пары в осеннем парке - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Жазылу
Мясников бұл үшін фитнес-клубтарға абонемент сатып алып, көп қаражат жұмсау міндетті емес деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде — Sputnik. Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников ұзақ өмір сүрудің ең тиімді әрі оңай тәсілін атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Сарапшы спорттық жаттығулар адамға кез келген жаста қажет екенін атап өтті. Онкология сынды ауыр сырқаты барлар да үнемі жаттығуға мән беруі керек. 

"Қатерлі ісік диагнозы қойылған науқас төсек тартып жатса да, жаттығу жасағаны жөн. Сол кезде біршама ұзақ өмір сүретін болады", — дейді дәрігер.

Мясников бұл үшін фитнес-клубтарға абонемент сатып алып, көп қаражат жұмсау міндетті емес деп отыр.

"Лифттен бас тартыңыз! Бір жерге бару керек болса, жаяу жүріңіз! Күніне кем дегенде 5 шақырым жаяу жүрген абзал. Отырғаннан гөрі көбірек тұруға тырысу керек", — деп кеңес берді маман.

Ол жүгіру, жүзу және тез жүруге назар аударуды ұсынды.

Жаңалықтар
0