Қоғам

Синоптиктер 7 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады

© Sputnik / Алехандро Мартинез Велез / Медиабанкке өтуГорожане купаются в фонтане, архивное фото
Горожане купаются в фонтане, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігіне қатты ыстық болып, батыста шаңды дауыл тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жаңбырлы болады, елдің солтүстік батысында және солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғып, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қостанай облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды.  

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-25 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, Қызылорда облысының басым бөлігінде күн қатты ысиды. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда сынап бағанасы күндіз +24 ... + 26 ° C, түнде +13 .. + 15 ° C көрсетеді. Күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.

Алматыда күн ыстық болады: күндіз ауа температурасы +36 .. + 38 ° C дейін көтеріледі, түнде сынап бағанасы +23 .. + 25 ° C көрсетеді.

Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады деп болжайды, күндіз +40 .. + 42 ° C дейін ыстық, түнде +23 .. + 25 ° C жылы болады.

Жаңалықтар
0