Әлем

Маман телефон көлікте қалып қойса не болатынын айтты

CC0 / / Телефон ұстап отырған жүргізуші
Телефон ұстап отырған жүргізуші - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Жазылу
Көлікте ұмыт қалған телефонға күн сәулесі түсіп тұрса, ол 60-70 градусқа дейін қызып кетуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. IT-журналист, Computer Reseller News шолушысы Александр Маляревский Sputnik радиосына берген сұхбатында аптап ыстықта смартфон көлікте ұмыт қалса, не істеу керектігін айтты.

Сарапшы электронды құрылғы, планшет, ноутбук, электронды сағат пен смартфон қатты қызғаннан ресурсын жоғалтып, тез тозатынын атап өтті. Гаджеттердегі батарея ісініп, ағып кетуі мүмкін. Ақауы бар батареялар, тіпті, жанады. Десе де мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі.

"Жазда гаджеттер өте жиі қызады. Көлікте ұмыт қалған телефонға күн сәулесі түсіп тұрса, ол 60-70 градусқа дейін қызады. Смартфонды мұндай күйде қолдануға болады, бірақ қолыңызды күйдіріп алуыңыз мүмкін. Сол себепті оның температурасы 25-28 градусқа дейін түскенін күтіңіз", - деп кеңес берді Маляревский.

Тағы оқыңыз: Смартфонды толық қуаттау неге қауіпті – сарапшы жауабы

Біз күннің ыстығында көлеңке іздейміз. Гаджет үшін де дәл солай – оны көлеңкелі жерге қойыңыз. Қызып тұрған телефонды бірден суытудың қажеті жоқ – мұзы бар қапшыққа салуға, коктейль құйылған стақанға жақындатуға болмайды. Температураның күрт түсуі кез келген құрылғы үшін зиян, деді маман.

Жаңалықтар
0