Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды

© Sputnik / Владислав ВодневАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Саябақта азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне құрмет тақтасы орнатылған, елордалықтарға арналған демалыс аймағы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елорда күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құтқарушылар саябағының ашылу салтанатына елорда әкімі Алтай Көлгінов, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен өрт сөндіру кезінде қаза тапқан батырлардың туыстары қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

"Қоғамдық кеңістік аумағында 150-ге жуық ағаш отырғызылды. Аумақ әлі де жетілдіріліп, толықтырылады. Бізге қала тұрғындары бос уақытын денсаулығына пайдалы етіп өткізетін орындар ашу маңызды. Биыл біз 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саламыз. Жалпы алғанда, жетпіске жуық аула мен қоғамдық кеңістіктің жұмысы аяқталып, ашылғалы тұр", - деді Көлгінов.

Саябақ аумағы балалар мен ересектерге арналған аймақтарға бөлінген, кедергі жолақтарын қоса алғанда, экстрим-спортын қолдау үшін түрлі жастағы санаттарға арналған паркур-алаң орналасқан.

Қала тұрғындарына арналған тыныш демалыс аймағы бар және азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне құрмет тақтасы қойылды. Ал көпір жағында "Public art" суреттелген.

Сондай-ақ аумақта 1964 жылы шыққан АЦ-30 МАЗ 205 арнайы өрт сөндіру машинасы тұр. Айта кетсек, бұл көлік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы түсірілген фильмде көрсетілген.

Құтқарушылар саябағы Янушкевич пен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан. Саябақ өрт сөндіруші-құтқарушылар, сондай-ақ қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне абаттандырылған.

Жаңалықтар
0