НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысы Хромтау ауданында кәмелетке толмаған бала өзенге батып кетті.
Трагедия 4 шілде Хромтау ауданы Бөгетсай ауылында Ор өзенінде болды.
Полицияға хабарлама баланың ата-анасынан келіп түсті. Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанды.
"Анықталғандай, алтыншы сынып оқушысы суға шомылып жүріп батып кеткен. Оның денесін өзеннен жергілікті тұрғындар алып шықты. Бала су қоймасында ата анасымен бірге болған", - деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда тұратын туыстарына қонаққа келген әйел екі ұлымен бірге көз жұмды
Облыстық полиция ата-аналарды жаз мезгілінде балаларға аса мұқият болуға шақырды. Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының су коймаларында кәмелетке толмаған 4 бала суға кеткен.