НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ескек есуден Сербия құрамасының мүшесі Милош Васичтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Сербия Олимпиада комитетінің сайтында айтылған.
Барлық құрама команда, соның ішінде Васич те, жуырда және Жапонияға ұшуға 72 сағат қалғанда коронавирусқа тест тапсырған болатын. Ол кезде тест теріс нәтиже көрсетті.
Қазір спортшы 7 күнге карантинге жіберілді, содан кейін ол қайтадан тест тапсыруы керек.
Токиода Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада Жапонияда былтыр өтуге тиіс еді, алайда пандемияға байланысты шегерілді.
Тағы оқыңыз: Токио Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі