Қоғам

Ұшып кеткен: Алматыда болған жол апатында жүргізуші зардап шекті

© Sputnik / СтрингерСтолкновение "Дэу Матиз" и "Тойота Крета"
Столкновение Дэу Матиз и Тойота Крета - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2021
Жазылу
Жол үстінде бұзылып қалған көлікке жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Алматыдағы Саин көшесінде екі көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Райымбек даңғылына жетпей болған. Сынып қалған Daewoo Matiz сол жақтағы жолақта тұрған.

Жолда тұрған Daewoo көлігін көрген Toyota жүргізушісі оны айналып өтпек болған. Алайда оң жақта тағы бір көлік келе жатқан.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жүргізуші таңданарлық жағдайда аман қалды – видео

Toyota жүргізушісі тежегішті басқанымен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Көлік  тоқтап тұрған Daewoo-ға бар жылдамдығымен соғылады.

Matiz көлігі соққыдан жоғары ұшып кетіп, кедергілерге барып тоқтады.

Daewoo Matiz жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0