Қоғам

СҚО әкімі вакцина салдырмады – Ақсақаловтың өзі себебін түсіндірді

© Sputnik / Владислав Воднев Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК)
 Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК) - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Сондай-ақ аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілер арасында вакциналаудың қарқыны жайында айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов осы уақытқа дейін вакцинаны не себепті салдырмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен өзім жақын арада міндетті түрде вакциналаудан өтемін. Сәуір айында ауырып шықтым ғой, антиденелер әлі жоғары дейді. Сондықтан сәл уақыт өтуі керек. Мен міндетті түрде вакцина аламын. Себебі бұл індетті тек вакциналау арқылы ғана жоюға болады. Басқа жол жоқ", - деді Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілер арасында вакциналаудың қарқыны жайында айтты.

"Біздің облысымызда вакциналауға жататын 311 мың адам бар. Бүгінде 42,5 проценті вакцинаның бірінші компонентін алды. Әрине, мемлекеттік қызметшілер бірінші қатарда болуы керек. Өйткені халықпен тығыз жұмыс істейді. Мәселен, полицейлердің 93 проценті екпе алды. Ал вакцина салдырған мұғалімдер мен мемлекеттік қызметшілердің саны 70 процентке жетіп қалды", - деп атап көрсетті Ақсақалов. 

Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеухан коронавирусқа қарсы вакцинаны неге салғызғанын айтты

Аймақ басшысы екпе алатындардың саны көбейіп келе жатқанын да жеткізді. Мәселен, маусым айында күніне 700-800 адам вакцина салдырса, бүгінде осы көрсеткіш 4500-5000 адамға дейін өскен.

Жаңалықтар
0