Елорда тынысы

"Қоңырау саны 1,5 есе артты": Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем жүктемесі көбейді

© Photo : пресс-служба акимата АлматыСкорая помощь
Скорая помощь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Соңғы аптада коронавирусқа байланысты келіп түскен қоңыраудың саны 1,5 есеге артып, тәулігіне 300-ге дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Коронавирусқа байланысты жедел жәрдем шақыру саны тәулігіне 300-ге жетті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

Әкімдік ақпараты бойынша, қалада жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінетіндер саны артты.

"Елордадағы қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел медициналық көмек станциясына күніне 3-3,5 мың қоңырау түсуде. Өткен жылдағы кезеңмен салыстырғанда жедел жәрдем көмегіне жүгіну 40%-ке артты", - дейді қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі Бота Садетхан.

Соңғы аптаның өзінде коронавирусқа байланысты қоңырау саны 1,5 есе артып, тәулігіне 179-дан 300-ге жетті.

Еске салсақ, 2020 жылдың жаз мезгілінде жедел жәрдем бригадасы 18 мыңнан астамға қызмет көрсеткен. Олардың басым бөлігі инфекция жұқтыруға байланысты болған. Диспетчерлер КВИ-ге қатысты 9 500 қоңырауға жауап берді.

Қазіргі уақытта COVID жұқтырғандарды емдеу үшін 14 стационар іске қосылып отыр. Нұр-Сұлтанда 1 600-ден астам науқас стационарлық ем алып жатыр. Оның ішінде 1400 – коронавирусты инфекция жұқтырған болса, қалған науқастан пневмония анықталған. Қазіргі жүктеме - 75%.

"Жансақтау бөлімінде 104 науқас жатыр. Оның ішінде 48 адамның жағдайы ауыр болса, дәрігерлер 56 науқастың жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр", - делінген әкімдік ақпаратында.

Медицина қызметкерлері астаналықтарды вакцина салғызып, өздері мен жақындарының денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

Жаңалықтар
0