Әлем

Ресейлік сұлу неге ислам дінін қабылдағанын айтып берді

© REUTERS / Dinuka LiyanawatteКупол мечети
Купол мечети - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Ол мұндай ой бұрыннан болғанын жеткізді. Алайда ұзақ уақытқа дейін шешім қабылдай алмаған екен

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Фотомодель Анастасия Решетова Instagram-да тікелей эфир кезінде неге ислам дінін қабылдағанын түсіндірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Reshetova A. (@volkonskaya.reshetova)

Оның айтуынша, дінге келуіне ер адамның еш қатысы жоқ. Өйткені мұндай маңызды шешімді адам жеке өзі қабылдауы тиіс деп санайтынын жеткізді. 

"Мен исламды бірнеше жыл бұрын зерттей бастадым. Бірақ нақты шешім қабылдау қиын болды", - деді Решетова. 

Қазіргі уақытта ресейлік ару алкогольдік ішімдіктен бас тартып, Құран Кәрімді оқуда.

2021 жылдың сәуір айында рэпер Тиматидің бұрынғы сүйіктісі мешіттің жанында суретке түскен болатын. Бұл фотоға қатысты сын-пікір көп жазылды.

"Жұлдыздар мұсылмандардың киімін киіп түсетіні күлкі келтіреді. Өйткені қалған суреттерде жартылай жалаңаш", - деп жазды желі қолданушылары. 

Анастасия Решетова – ресейлік модель, 2014 жылы Ресейдегі 1-ші вице-мисс атанды. 2014 жылдың қаңтар айынан рэпер Тиматимен кездесе бастады. 2019 жылдың қазан айында ұлдары Ратмир дүниеге келді. 2020 жылдың күзінде жұп енді бірге болмайтынын хабарлады.

Жуырда модель Қазақстанға келді. Ол әнші Назимамен бірге Үлкен Алматы көлі, Медеу, Қайыңды, Көлсайды аралады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Reshetova A. (@volkonskaya.reshetova)

Қазақстан табиғатына тәнті болғанын жазды.

Жаңалықтар
0