Видео

Бурабай әлде Мальдив? Министрлер жазда қайда демалатынын айтты - видео

Жазылу
2020 жылы пандемияның басталуына байланысты үкімет мүшелері еңбек демалысына шыға алмады. Сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге демалыс алуға тыйым салды

Коронавирус дағдарысынан шығу қажет болды. Биыл үкімет мүшелері көптен күткен еңбек демалысын алады. Sputnik Қазақстан тілшісі олардың қай жерде демалатынын білді.

Министрлердің көбісі елде демалуды көздейді. Мәселен, вице-премьер – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді алысқа бармай-ақ, Бурабайға бара салуға болады дейді. Ал бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин бұған дейін ылғи Түркияда демалған. Енді он күндік демалысын өз жерімізде өткізуді жоспарлап отыр.  

"Шығыста Рахман бұлағы бар дейді. Соны көруге кеңес берген. Емделуге де болады екен. Бірақ оны әлі ойластырған жоқпын. Отбасылық кеңесте талқылауымыз қажет", - дейді Жұманғарин. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова балаларымен бірге Түркияға ұшып бармақшы. Қорғаныс министрі Ерлан Ермекбаев "Алматы" шипажайын ұнатады екен. Ал ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Атырау немесе Балқашты қарастырып жатыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бес күндік демалысын қай жерде өткізетінін әлі шешкен жоқ. "Бәрін менің жұбайым шешеді", - дейді ол.

Үкімет мүшелерінің ішінде демалыс алмайтын адамдар да бар. Мәселен, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова сенбі-жексенбі, сондай-ақ мейрам күндерін пайдаланамын дейді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Алматыны аңсап жүр. Вице-премьер Ералы Тоғжанов та еңбек демалысын ала алмайды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия төрағасы шетелге шықпауға кеңес беріп отыр.

"Қазақстанда демалу керек. Атырау, Ақтау, Түркістан, басқа облыстар бар. Шетелге шықпаған дұрыс. Одан да Қазақстанда демалыңыз", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Жаңалықтар
0