Қоғам

Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Тимур БатыршинЦветущие маки близ Алматы
Цветущие маки близ Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Құжатқа сәйкес қаулы 4 шілдеден күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, "Атамекен" ӨКП филиалы, ұйымдар мен мекемелердің басшылары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 1 шілдедегі қаулысының орындалуын қамтамасыз етуі керек.

"Театрлар, кинотеатрлар мен филармониялар толымдылығы 30 процент болса, ал концерт залдарының толымдылығы 10 процент болса ашық болады. Олар "ASHYQ" жобасына қатысушы болуы керек", - делінген қаулыда.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбіден басқа аптаның барлық күндері жұмыс істейді. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша.

Азық-түлік дүкендеріне, минимаркеттерге, үй жануарларына арналған дүкендерге бару үшін "ASHYQ" қосымшасы қажет емес.

Оқи отырыңыз: "Жаппай тексеріс болады": вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

Бұқаралық іс-шараларға (ойын-сауық, спорт, діни, отбасылық банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шаралары және осыған ұқсас кез-келген, соның ішінде үйде өткізілетін шаралар), конференцияларға, митингілерге, шерулерге, жиындарға, форумдарға және басқаларына тыйым салынады. 

Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

Жаңалықтар
0