Қоғам

Бекболат Тілеухан коронавирусқа қарсы вакцинаны неге салғызғанын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневБекболат Тлеухан
Бекболат Тлеухан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Мәжіліс депутаты шетелге көп шыққандықтан вакцина салдырғанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен вакцина салдырдым. Өйткені мен шетелге көп шығамын, іссапарларым көп болады. Ал балаларыма өздерің шешіңдер дедім. Олардың кейбірі алды, кейбірі алған жоқ", - деді Тілеухан орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда мәжілісмен нақты қай вакцинаны салғызғанын нақтыламады.

Айта кетсек, Қазақстанда вакцинаның үш түрі қолжетімді.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та вакцина салдырды. Екеуінің де таңдауы "Спутник V" препаратына түсті.

Оқи отырыңыз: Назарбаев пәтер ұтысына қатыса ма – елорда әкімі жауап берді

 

Жаңалықтар
0