Оқиға

Алматы облысында бір топ жігіт жасөспірімді пышақтап кетті

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Жасөспірім даяшы болып жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. 30 маусым күні бір топ жігіт "Восточная Сказка" отбасылық демалыс орнында даяшы болып жұмыс істейтін 2004 жылғы жасөспірімді соққыға жыққан. Бұл туралы оқиға орнынан түсірілген видеода айтылады.

"Отбасылық демалыс аймағында бір топ адам даяшы болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған, Шамалған ауылының тумасын соққыға жықты. Олар шамамен 35-40 жастарында", - дейді видео авторы.

Зардап шеккен бала шұғыл түрде Қаскелеңдегі ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалынып, көкбауыры алынып тасталды. Аудандық ауруханада атап өткендей, науқас бірнеше пышақ жарақатымен түскен. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Соққыға жыққан азаматтардың біріне қатысты қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана зиян келтіру") бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Құқық қорғау органдары осы уақытқа дейін бір ғана күдіктіні ұстады, ал қалғандары бостандықта жүр! Кінәлілер жазалануы керек!" - делінген видеоға жазбада.

Оқи отырыңыз: Алматылық жігіт тапа-тал түсте бейтаныс 2 адамды пышақтап кетті – видео

Видеоға жазбалардың бірінде баланың анасы барлық кінәлі қатаң жазаланады деп үміттенетінін атап өтті.

"Менің ұлым өз жұмысын жақсы көрді, тапқан ақшасын жинады. Оның өз арманы, жоспарлары бар еді. Ересек өмірге енді ғана қадам басқан балаға қорқыныш, сенімсіздік ұялаттыңыздар. Ол қатты жан азабын шегуде", - деп жазды ол.

Жаңалықтар
0