Медиадағы трендтер мен подкаст жасау: Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет SputnikPro өтеді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуМикрофоны разных СМИ, архивное фото
Микрофоны разных СМИ, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Офлайн өтетін мастер-класқа қазақстандық БАҚ өкілдері, медиасарапшылар, пиар-мамандар, баспасөз қызметі мамандары, журналистика факультетінің студенттері қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik баспасөз қызметі. Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы 8 және 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда алғаш рет SputnikPro ағартушылық жобасының модулін өткізеді.

"Медиадағы трендтер", "Подкаст жасау және оны ілгерілету" тақырыбындағы мастер класты 8 шілдеде "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторының орынбасары Наталья Лосева мен "Россия сегодня" ХАА Жаңа медиа дирекциясының инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван Громов өткізеді.

SputnikPro қатысушыларына "Россия сегодня" мадиатобының редакциясы жайында 9 шілдеде бас редактордың орынбасары – "Россия сегодня" ХАА Бас ақпарат дирекциясының директоры Дмитрий Горностаев айтып береді.

Спикерлер туралы

© SputnikНаталья Лосева - "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары
Медиадағы трендтер мен подкаст жасау: Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет SputnikPro өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Наталья Лосева - "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары

Наталья Лосева, ресейлік журналист, продюсер және медименеджер, "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары, Мәскеу мемлекеттік университетінде журналистика факультетінің жаңа медиа кафедрасында аға оқытушы. 2000 жылға дейін өзі құрған журналистік зертеулерге арналған айрықша алаң – Новосібір баспасөз клубын басқарды. 1990 жылдардың соңына қарай интернет медианы дамытумен айналысты, 2000-2002 жылдар аралығында "Известий" веб-бағытын басқарды, 2002-2012 жылдар аралығында РИА Новости сайтындағы мультимедианы дамыту мен реформаларға жауапты болды. 2012-2014 жылдар аралығында бас директордың бірінші орынбасары қызметінде "Аргументы и факты" атты ресейлік ірі газеттің диджитал-реформасымен айналысты. 2018 жылдың ақпанында "Россия сегодня" ХАА командасына қсоылды. Көптеген үкіметтік және кәсіби ресейлік және халықаралық награда және сыйлықтармен марапатталған, жаңа медиа жөніндегі бірқатар оқулық пен әдістемелік жинақтың бірлескен авторы.

© SputnikИван Громов - "Россия сегодня" ХАА Жаңа медиа дирекциясының инновациялық журналистика орталығының жетекшісі
Медиадағы трендтер мен подкаст жасау: Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет SputnikPro өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Иван Громов - "Россия сегодня" ХАА Жаңа медиа дирекциясының инновациялық журналистика орталығының жетекшісі

Иван Громов, "Россия сегодня" ХАА Жаңа медиа дирекциясының инновациялық журналистика орталығының жетекшісі. Түрлі уақытта "Серебряный Дождь" және MAXIMUM радиостанцияларында копирайтерден бастап бас редакторға дейінгі түрлі қызмет атқарды. "СТС Медиа" холдингінде радиопромоға жауапты болды. Сценарий жазумен айналысқан. Екі жыл бұрын Жаңа медиа дирекциясы құрамында подкастар тізбегін іске қосты. Бір жарым жылдан бері РИА Новости Инновациялық журналистика орталығына жетекшілік етеді (подкастар, VR/AR).

© Sputnik / Рамиль СитдиковДмитрий Горностаев - "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары
Медиадағы трендтер мен подкаст жасау: Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет SputnikPro өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Дмитрий Горностаев - "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары

Дмитрий Горностаев, "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары. Түрлі жылдары "Советский спорт" газетінің авторы, "Независимая газета" халықаралық ақпарат бөлімінің басшысы орынбасары, strana.ru ақпарат порталының халықаралық бөлімінің жетекшісі, "Россия" телеарнасындағы "Вести" кешкі жаңалықтар бағдарламасының шеф-редакторы сынды қызмет атқарды. Сонымен қатар РИА Новости Халықаралық ынтымақтастық бас дирекциясының редакторы, РИА Новости порталының Нью-Йорктегі бөлімінің жетекшісі – АҚШ-тағы өкілдік жетекшісінің орынбасары, БҰҰ жанындағы тілшілер пунктінің жетекшісі, Вашингтондағы "Голос России" студиясының бас редакторы, халықаралық редакция жетекшісі – РИА Новости Біріккен жаңалықтар редакциясы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

SputnikPro ағартушылық жобасы туралы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен мадиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланады. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты.

Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы туралы

Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

astana@sputniknews.com электронды поштасына хат жолдау немесе +7 (7172) 68-99-04, +7 (7172) 47-26-73 нөмірлеріне хабарласу арқылы модульге қатысу үшін тіркелуге болады.

Жаңалықтар
0