Спорт

Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды

© Photo : официальный сайт НОК КазахстанаНациональный олимпийский комитет Казахстана представил форму команды Казахстана на Играх в Токио-2020
Национальный олимпийский комитет Казахстана представил форму команды Казахстана на Играх в Токио-2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Отандық спортшылар форманың дизайны, матаның сапасы мен тігін бұйымдарын өздері таңдады. Ол үшін қаңтар айынан бастап сауалнамалар, презентациялар мен кездесулер ұйымдастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасына киіп баратын формасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спортшылардың киімін қазақстандық және шетелдік мамандар дайындаған. Дизайнері - Салтанат Баймұхамедова. Ал испандық Joma компаниясы форманы жасап шығарды.

© Photo : официальный сайт НОК КазахстанаСпортшылардың киімін қазақстандық және шетелдік мамандар дайындаған
Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Спортшылардың киімін қазақстандық және шетелдік мамандар дайындаған

Отандық спортшылар форманың дизайны, матаның сапасы мен тігін бұйымдарын өздері таңдады. Ол үшін қаңтар айынан бастап сауалнамалар, презентациялар мен кездесулер ұйымдастырылды. 35 спортшыдан тұратын арнайы комиссия форманы таңдап отырды.

"Спортшылар үшін, ең алдымен, сапа мен жайлылық маңызды. Өйткені бұл біздің жаттығу және жұмыс апталарына арналған киіміміз. Бәрінен бұрын оның денеге шақ, жинақы болуы маңызды. Көп уақыт жолда өткізетін болғандықтан, тез кірленбейтін, мыжылмайтын киім үлгісі керек болды. Себебі сапалы матадан тігілген киімдер киюге және еркін қозғалуға ыңғайлы. Біз барлық тілегіміздің орындалғанына өте қуаныштымыз", - дейді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

© Photo : официальный сайт НОК Казахстана"Сапалы матадан тігілген киімдер киюге және еркін қозғалуға ыңғайлы", - дейді спортшылар
Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
"Сапалы матадан тігілген киімдер киюге және еркін қозғалуға ыңғайлы", - дейді спортшылар

Олимпиадалық киім кэжуал стилінде шығарылды. Ал маталарды таңдағанда Жапонияның климаттық ерекшелігі ескерілді.

Олимпиаданың киімдері ауаны жақсы өткізеді, ылғалды сіңіреді, тез кебеді және аллергия тудырмайды. Көйлек формасының негізгі түстері көк, көгілдір және ақ түсті. Бұл палитра Next Look халықаралық зерттеу компаниясының ұсынысы бойынша таңдалған.

© Photo : официальный сайт НОК КазахстанаМаталарды таңдағанда Жапонияның климаттық ерекшелігі ескерілді
Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Маталарды таңдағанда Жапонияның климаттық ерекшелігі ескерілді

Айта кетейік, спортшылар Токиоға 16 шілдеде ұшады. Олимпиада алдында ұлттық құрама Олимпиада базаларында екі апталық карантинде болады.

Жаңалықтар
0