НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды "Ақорда" сайты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар бұл қызметтен мемлекет басшысының өкімімен босатылды.
Оқи отырыңыз: Кадрлық ауыс-түйіс: Тоқаев өзінің протокол басшысын елші етіп жіберді