Елорда тынысы

Шектеу шараларына бағынбай отыр: елордада 12 нысан карантин талаптарын бұзған

© Sputnik / Александр Кряжев / Фотобанкке өтуСтоловая
Столовая  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойғы күшейтілген режимге көшірілді. Күн сайын олар қалалық мекемелердің маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және басқа да шектеу шараларының орындалуын қадағалайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде - Sputnik. Елордада бір тәулік ішінде 12 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты.

"Мәселен, Есіл ауданындағы "Brewery" барында бір үстел басында көп адам жиналып, туған күн тойлаған. Сарыарқа ауданындағы үш нысанда карантин ережелерінің бұзылғаны анықталды. "Вечеринка", "Жарқыл" кафесі және "Жарқыл" саунасы белгіленген жұмыс режимін сақтамай, түнгі сағат 10-нан кейін жұмыс істеген. Осыған ұқсас бұзушылықтар Алматы ауданында орналасқан "вДрава", "Баку донері" кафелері мен "Фэнтези" компьютерлік клубында да анықталды. Сонымен қатар  Байқоңыр ауданындағы "Амир" базарында және "Жастар", "Автогранд", "Жаннұр", "Есіл" сауда үйлерінде қызметкерлер бетперде режимін елемеді," - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Тәртіп бұзушыларға қатысты деректер тиісті шара қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Айте кетейік, елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы жұмыс істейтін күшейтілген режимге көшірілді. Күн сайын олар қалалық мекемелердің маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, белгіленген жұмыс кестесін және басқа да шектеу шараларының орындалуын қадағалайды. Бұл шаралар тұрғындар арасында коронавирустың таралуын тежеуге бағытталып отыр.

Оқи отырыңыз:Тоғжанов күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды

 

 

Жаңалықтар
0