Қоғам

Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновке арналған кезекті мурал салынды

© Photo : astana.gov.kzМурал Батырхана Шукенова в Нур-Султане
Мурал Батырхана Шукенова в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Тағы бір мурал Нұрғиса Тілендиевке арналған. Жаңа суреттер "Сарыарқа" ауданындағы тұрғын үй қабырғасына бейнеленді

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде — Sputnik. Қазақстанның бас қаласында белгілі музыкант Батырхан Шүкеновтың құрметіне жаңа мурал салынды. Оның жанында қазақ композиторы әрі музыкант Нұрғиса Тілендиевке арналған тағы бір мурал пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Бұл қос кескіндеме енді Тілендиев көшесіндегі тұрғын үй кешенінің сәнін келтіріп тұр. Ғимарат құрылысы әлі жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, аталған муралдар құрылыс жүргізуші мекеменің бастамасымен салынған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады

Нұрғиса Тілендиев – дарынды дирижер және домбырашы. "Аққу", "Әлқисса", "Махамбет" күйлері мен "Құстар әні", "Куә бол", "Сарыжайлау" сынды танымал әндердің авторы.

Батырхан Шүкеновтың белгілі туындылары ретінде "Отан ана", "Жүрегімде Астана", "Джулия", "Твои шаги" әндерін атауға болады.

Жаңалықтар
0