Видео

Арыстанның айбатына төтеп берген батыр шаян - видео

Жазылу
Батыл шаян интернет жұлдызына айналды. Оңтүстік Африканың қорық қызметкерлері өткір тісті әрі шапшаң қозғалатын аң патшасы арыстанға қарсы кішкентай ғана шаянның қарсы тұрып өзін қорғап қалған сәті бейнеленген видеоны жариялады

Оңтүстік Африка республикасында орналасқан Мала Мала қорығының қызметкерлері таңғажайып көріністі видеоға түсіріп алды. Видеодан кішкентай ғана шаянның арыстандар арасына түсіп қалғанын, алайда оларды маңына жолатпай, қорғанғанын көруге болады.  

Шаян өзен жағасына қарай беттеген, бірақ жолында арыстандар кездескен.

Жер бетіндегі ең ірі жыртқыштардың бірі жерде жорғалап бара жатқан шаянды байқап қалып, оған қарсы бағыттайды.  Жақындап келгенде шаян тырнақтарын шығарып, қарсылық көрсетеді. Мұны байқаған арыстан қозғалмастан орнында тұрып қалады. Кейін шаянның артынан әрекетін бақылап жүріп отырады. Жанындағы арыстандар да қосылып, шаянның жүрісін бірге бақылайды.  

Оқи отырыңыз: Каспий теңізіне аққу ұшып келді – видео

Кішкентай батыр оларға назар аудармай өзенге қарай жолын әрі қарай жалғастырады.

Видео Kruger Sightings YouTube каналында жарияланды.

Жаңалықтар
0