Қоғам

Биылғы ҰБТ-да бір түлек қана ең жоғары ұпай жинады

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Биылғы сынақта 1 923 түлек 120 балдан жоғары жинаса, тек 1 талапкер ғана барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, 140 ұпай алды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. 2021 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 69,08 ұпай болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл жалпы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы - 69,08. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 ұпайға жоғары", - деді Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Айтуынша, 88 101 талапкер немесе 60%-тен астамы шекті балды жинады. Ал 57 187 түлек немесе 39,4 %-і шекті балл жинай алмаған.

"Орташа балдың өсуі мектеп бітірушілердің емтиханды екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие болуымен байланысты деп есептейміз", - деді ол.

Ол ҰБТ-ға биыл 145 288 талапкер қатысқанын айтты. Оның ішінде 109 693-і немесе 65,5 проценті – қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3% – орыс тілінде, 350 немесе 0,2 проценті ағылшын тілінде тапсырған.

Биылғы сынақта 1 923 түлек 120 балдан жоғары жинаса, тек 1 талапкер ғана барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, 140 балл алды. Өткен жылы ең жоғары балл 139 болған еді.

Жаңалықтар
0