НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында аптап ыстық, найзағай және желге байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болып, солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с болады күтіледі. 40 градусқа дейін өте қатты ыстық, жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысында күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық, жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 2 шілде күні күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.
2-4 шілдеде Алматы облысында күндіз кей жерлерде 35-38 градус қатты ыстық сақталады, төтенше өрт қаупі бар.
2 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с.
Оқи отырыңыз: 43 градусқа дейін күн ысиды – шілдеге ауа райы болжамы
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.