НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қызмет көрсету саласының қызметкерлері 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндеттеліп отыр.
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 6-1-тармағында белгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары:
- 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;
- профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
- COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін, делінген қаулыда.
Вакцинаны кімдерге салдырмауға рұқсат етілген
- медициналық қарсы көрсетілімдері бар тұрғындар;
- соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғандар.
Осы қаулының орындалуын бас санитар дәрігер өз бақылауында қалдырды. Құжат 2021 жылдың 2 шілдесі сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.