Қоғам

Тоқаев бөлінген қаржыны қалтасына басып қалуға тырысатын "әккі аңшылар" туралы айтты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства провел заседание Высшего совета по реформам
Глава государства провел заседание Высшего совета по реформам - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық мәселесі қатты алаңдататынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында ұлттық жобалардың әзірленуі негізгі мәселе ретінде қарастырылды.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік пен үкімет бірлесіп әзірлеген он ұлттық жобаны таныстырды. Бұл жобалар жалпыұлттық басымдықтар мен 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Тоқаев бөлінген қаржыны қалтасына басып қалуға тырысатын әккі аңшылар туралы айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Агенттік төрағасының баяндамасын және кеңес мүшелерінің пікірін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұсыныс айтты. Ол үкіметті нақты, шынайы, халыққа түсінікті және олардың тұрмысын жақсартуға бағытталған міндеттерді шешуге шақырды.

"Негізінде, ұлттық жобалардың әзірленуіне қатысты жұмыстарыңыздың мақсат-міндеттеріне бірыңғай түсінік керек. Шын мәнінде, мақсат бөрікті аспанға ататындай және артық теорияландыратындай емес, прагматикалық тұрғыда болуы тиіс. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес "қиялилардың клубына" айналмауы қажет. Кабинетіміздің сыртындағы өмір күрделі бағытта дамуда. Қазір біз ең қажетті деген азық-түлік бағасының шарықтауына, жалпы инфляцияның өсуіне қатысты шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұдан бөлек халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қыруар мәселе бар. Мысалы, қуаңшылық мал шаруашылығына кері әсер етіп отыр. Біз қалыптасқан жағдайға шынайы қарайық. Бұл жерде алдымызда тұрған міндетті терең түсініп, үйлесімді жұмыс істеу керек", – деді президент.

Мемлекет басшысы ұлттық жобаларды жүзеге асыруға өте көп қаржы бөлінетінін айтты.

"Осыған байланысты мені жемқорлық мәселесі қатты алаңдатады.  Ірі жобаларды жүзеге асыруға байланысты, әсіресе, инфрақұрылымдық құрылыс саласында, мол қаржы туралы ақпарат шыға салысымен-ақ, мұндай жобалар жіті бақылап отырған "әккі аңшылардың" назарына бірден ілігеді. Олар бөлінген қаржының бір бөлігін қалталарына басып қалуға тырысады. Әңгіменің ашығын айтайық. Мұны бәріміз білеміз. Сондықтан Үкімет пен тиісті агенттікке аталған мәселені мұқият қарауды ескертемін. Ұлттық жобаларды жүзеге асырудың пайдасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Президент ұлттық жобаларды жүзеге асыруға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, ұсынылған ұлттық жобалардың тізімін қолдады және үкімет пен агенттікке 15 тамызға дейін ұлттық жобалардың нақты, келісілген әрі қаржылай қамтамасыз етілген мәтінін енгізуді тапсырды.

Жаңалықтар
0