НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Шымкентте коронавирустың үнді штамының алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан өз парақшасында.
"Коронавирус 143 адамда анықталды, оның ішінде жаңа туған нәресте бар", - деп жазды Мұқан Instagram-да.
Коронавирустың таралуы бойынша Шымкент "қызыл" аймаққа енген болатын. Өткен тәулікте коронавирус 2436 адамда анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін "Дельта" штамы Нұр-Сұлтанда (21 маусым) және Алматыда (23 маусым) табылды.
Алматыда жаңа мутациялы вирус алғаш 1984 жылы туған үй қызметіндегі әйел мен оның баласында расталды.
Оқи отырыңыз: "Антиденелер көмектеспейді": Алмаз Шарман коронавирустан қорғанудың жолын атады
Алматыда жаңа штамм әлі де анықталып жатыр. Эпидемиологтардың айтуы бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен сынамалар саны 114-тен 188-ге дейін өсті.
Соңғы аптада ауру белгілері бар коронавирус жұқтырғандардың үлесі 32%-тен 53%-ке дейін көбейді. Бұл "Дельта" штамының жоғары патогенділігін көрсетеді.