Әлем

Путин ҰОС-дағы кеңес халқының мүддесін қорғайтын құжатқа қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевВозложение цветов к Монументу защитников отечества в Нур-Султане в 80-ю годовщину начала Великой Отечественной войны
Возложение цветов к Монументу защитников отечества в Нур-Султане в 80-ю годовщину начала Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
"1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының Жеңісін мәңгі есте сақтау туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО мен нацистік Германия рөлін жария теңестіруге тыйым салу туралы заңға қол қойды. Алайда бұл заңды бұзғаны үшін нақты қандай жаза қарастырылатыны әзірше белгісіз. Санкциялар біраз кейінірек белгіленеді.

Заң жобасы мәдениет және өнер жөніндегі президенттік кеңес отырысының қорытындысы бойынша дайындалды. Ресей президенті Владимир Путин аталған құжатты қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырған болатын, деп жазды РИА Новости.

Мұндай бұйрыққа не себеп болғаны құжаттағы түсініктеме хатта жазылған. Оған сәйкес, соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде ресейлік медиада, кеңес билігі, әскери қолбасшылары мен Кеңес армиясы сарбаздарының әрекеті вермахт сарбаздарының жауыздығы және нацистер жасаған қылмыстармен теңестірілетін дәйексіз материалдар мен мәлімдемелер жиі жарық көріп отырғаны жазылған.

"Отанын қорғаған азаматтардың, оның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған және азат етуші сарбаздардың әрекеттерін Еуропа елдеріндегі әскери қылмыскерлерді соттау және жазалауға арналған халықаралық әскери трибунал (Нюрнберг трибуналы) үкіміне сәйкес қылмыс жасады деп айыпталған тұлғалардың, басқыншы сарбаздардың әрекеттерімен теңестіріп көрсетуді дұрыс емес деп санаймыз", - деді жоба авторлары.

Олардың пікірінше мұндай заңды қабылдау кейбір қоғам белсенділерінің кеңес халқының ерлігін аяқ асты етуге жол бермейді. Сондай-ақ жаңа заң осы тақырып бойынша ғылыми ізденіс пен пікірталасқа арналған мүмкіндіктерден айырмайды.

Аталған заңды бұзғаны үшін қолданылатын санкциялар әлі белгісіз. Олар біраз кейін белгіленеді.

Оқи отырыңыз: ҰОС жылдарында кеңес халқы адамгершілік құндылықтарын сақтауға тырысты - БАҚ

Фашистік Германия мен оның одақтастары 1941 жылдың 22 маусымында Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы төрт жылға, анығырақ 1 418 күнге созылды. Бұл соғыста фашистік Германия қиратылды. Соңғы мәлімет бойынша Ұлы Отан соғысы кезінде 26,6 миллион кеңес азаматы көз жұмды. Бұл екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болғандардың жалпы санының 40%-ін құрайды. 

Жаңалықтар
0