Қоғам

76 миллион шығын келген: балалар үйінде заңбұзушылықтар анықталды

CC0 / / Архивное фото подростка
Архивное фото подростка - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Қаржы қызметіндегі заң бұзушылықтар қатарында бюджет қаражатын  жымқыру және талан-тараж ету, жалақыны иемдену және заңсыз еңбекақы төлеу, сондай-ақ сатып алынған тауарлар мен өнімдерді қымбат бағада көрсету фактілері бар

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Қазақстанда балалар үйінде қаржы қызметінде жиырмадан астам заң бұзушылық анықталды. Келтірілген шығын көлемі 76 миллион теңгеден асып кетті, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінде.

Жетімдерге және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде заңсыз жалақы төлеу, бухгалтерлердің қаражатты иемденуі, сеніп тапсырылған мүлікті талан-тараж ету, сондай-ақ, ғимаратты жөндеу және абаттандыруға арналған бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.

"Көзі көрмейтіндерге арналған арнайы мекеменің бірінде бағдарламалық жасақтамасы бар ноутбуктарды сатып алу барысында бюджетке 17 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Басқа арнайы мектепте асхана шатырын жөндеуге арналған қаражаттан 3 миллион теңге жымқыру фактісі анықталды", - деді қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствода хабарлағандай, анықталған барлық факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, экономикалық тергеу қызметінің мамандарына жолданды.

Оқи отырыңыз: "Біраз жүрек мейірімге толар еді": Жазира Байырбекова ел басшылығына өтініш айтты

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғауды мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі деп атап көрсетіп, осыған қатысты барлық мәселе мүлтіксіз орындалуы керек екенін баса айтты.

Жаңалықтар
0