Оқиға

Алматылық жігіт тапа-тал түсте бейтаныс 2 адамды пышақтап кетті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи на дороге
Автомобиль скорой помощи на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Күдікті бұрын қарақшылық жасағаны үшін істі болған. Осы жолы Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Алматы қаласының "Теректі" шағын ауданында ондаған пышақ жарақаты бар ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сарапшылар мәйітте 10 пышақ жарақатын анықтады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Шұғыл іздестіру шаралары барысында қылмыс куәгері табылды. Ол марқұмның досы болып шықты. Екеуіне бейтаныс жігіт пышақ ала жүгірген.

Куәгердің денесінде жарақат болған. Бірақ пышақ қатты тимепті. Оның айтуынша, досымен бірге келе жатқанда алдынан жас жігіт шыққан. Мінез-құлқы да, жүріс-тұрысы да біртүрлі көрінген. Ойламаған жерден күдікті екі пышақ алып, бейтаныс адамдарға бас салған.

Күдікті көп ұзамай қолға түсті. 20 жастағы жігіттің токсикоман екені анықталды. Бұрыннан бері уытты заттарды иіскеп жүрген.

"Карб" иіскеп, одан кейін есімді жоғалтып, алдымнан шыққан екі адамды пышақтадым. Содан біреуін өлтіріп қойдым", - дейді күдікті.

Жігіт бұрын қарақшылық жасағаны үшін істі болған. Осы жолы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жауапқа тартылып отыр. 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0