Видео

Парламент депутаттары жазда қайда демалатынын айтты – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Барлық депутат алдымен өңірлерді аралуды жоспарлап отыр. Ал тамыз айында бос уақытын өзіне және отбасына арнайды

Депутаттар пандемияға байланысты шетелге шыға алмаймыз деп отыр. Бірақ олардың арасында отбасымен бірге шетелге шықпағандар да бар. 

"Енді ешқандай жоспар жоқ. Осы күнге дейін отбасымызбен шетелге шығып көрген емеспіз. Сол себепті тек қана Алматы қаласында, болмаса Алматы облысында, Алакөлге барамыз ба, әлде осы Ақмола облысындағы шырайлы жерлерге барамыз ба деп отырмыз. Оңтүстікке баратын шығармыз", - дейді мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенов.

Ал депутат Қанат Нұров Еуропаның оңтүстік-батысына баруды жоспарлап отыр.

"Қазір жан-жағымыздың бәрі пандемия ғой. Бірақ демалысты жоспарлап қойдым. Үш жерді қарастырып отырмын. Черногория, өзіміздің Бурабай немесе ресейлік Есентуки", - деп атап өтті Нұров.

Депутат Самат Мұсабаев болса, Ақтаудағы Rixos-та демалуға болады дейді.

Жалпы депутаттардың көбісі Бурабай мен Алакөлді таңдаған. Ал қыркүйек айында барлығы қайтадан жиналып, екінші сессияның жұмысына кіріседі.

Жаңалықтар
0