Оқиға

Шығыс Қазақстанда демалып жүрген әйел мен қыз көз жұмды

© AP Photo / Robert F. BukatyРебенок с зажатым носом прыгнул под воду
Ребенок с зажатым носом прыгнул под воду - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Әйел өзенге батып бара жатқан қызын құтқаруға тырысқан, алайда ағысқа төтеп бере алмай, екеуі де суға кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Бұқтырма өзенінде 27 жастағы әйел мен оның сегіз жасар қызы көз жұмды. Шығыс Қазақстан облысының полициясы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайғылы оқиға 29 маусымда Алтай ауданында болды, деп хабарлады yk-news.kz порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кешкісін №3 өрт сөндіру бекетіне полициядан хабар келген. Тәртіп сақшыларына Зубовка елді мекенінің маңындағы Бұқтырма өзенінен суға батып кеткен әйелдің денесін шығаруға көмек қажет болған.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында әйел қызын құтқарып, өзі ажал құшты 

"Дене судан сағат 19:30-да шығарылды. Белгілі болғандай, сол күні шамамен сағат 14:00-де бірнеше адам Малеевка ауылындағы өзен жағасында демалған. 2013 жылы туған қыз суға құлап кетіп, оның артынан өзенге анасы түскен, екеуі де батып кетті", - деді Алтай ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Азамат Әбдірахманов.

Іздеу жұмыстары 30 маусым күні таңертең жалғасты. Құтқарушылар өзен түбін сүзіп шығып, он екі шақырымнан кейін баланың денесін тапты.  

Қазіргі уақытта полицейлер құтқарушылар мен құқық қорғау органдарына неге қайғылы жағдай туралы ешкім хабарламағанын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0