Саясат

Путин Қара теңіздегі британ эсминеціне қатысты пікір білдірді

© POOL / Медиабанкке өтуПрямая линия с президентом РФ Владимиром Путиным
Прямая линия с президентом РФ Владимиром Путиным - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Ресей президенті британдық эсминецпен байланысты арандатудың артында Лондон мен Вашингтон тұр деп мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қара теңіздегі британдық эсминецке қатысты жағдай үшінші дүниежүзілік соғысқа алып келуі мүмкін емес екенін айтты.

Президенттің айтуынша, бұл нағыз арандатушылық және оның артында Ұлыбритания ғана емес, АҚШ та тұр.

"Бұл, әрине, арандатушылық. Ол анық көрініп тұр. Арандатушылар бұл арқылы не көрсеткісі, неге қол жеткізгісі келді? Біріншіден, ол кешенді әрекет болатын және оны тек британдықтар емес, америкалықтар да жүргізді", - деді Путин тікелей эфир кезінде.

РФ көшбасшысы жақында болған жағдай кезінде ресейлік әскерилер британдық эсминецті Қара теңізде суға батырып жіберсе де, әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс басталмайтын еді.

"Біз ол кемені суға батырып жіберсек те әлем үшінші дүниежүзілік соғыс табалдырығында тұрар еді деп елестету қиын. Себебі мұны істеп отырғандар ол соғыстан жеңімпаз болып шықпайтынын біледі", - деді Ресей президенті.

Сонымен қатар Путин көрші Украинаның территориясын белсенді түрде әскери игеру жүріп жатқанына алаңдаушылық танытты.

"Мені басқа мәселе қатты алаңдатады. Яғни Украина территориясын әскери игеріп жатқаны. Украина Конституциясы бойынша ол жақта шетелдік әскери база болмауы керек. Оқу орталықтарын құруға, басқа нысандарды пайдалануға болады. Ал бізбен шекаралас жатқан территорияны игеру қауіпсіздік саласында үлкен проблема тудыруы мүмкін. Бұл Ресей Федерациясы мен Ресей халқының мүдделеріне тікелей қатысты", - деді Путин.

Британ эсминеці Ресей суларына жақындады

Ресейдің қорғаныс министрлігі британдық Defender эсминеці Қырымдағы Фиолент мүйісі ауданында Ресей шекарасын кесіп өткенін хабарлады. Ресейлік шекара кемесі бірнеше ескертуден кейін ескерту ретінде оқ атты, ал Су-24М ұшағы эсминец бағыты бойынша бомба лақтырды. Алайда британдық қорғаныс министрлігі эсминецке оқ атылған жоқ және ол ресейлік аймақтық суларда болмаған дегенді мәлімдеді.

Жаңалықтар
0