Экономика

Ноғаев Қазақстан Беларуське қашан мұнай жеткізе бастайтынын айтты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуФакел стационарной платформы на нефтяном месторождении
Факел стационарной платформы на нефтяном месторождении - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Қазақстан Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімді осы елмен ратификациялауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Беларуське қазақстандық мұнайды жеткізу мерзімі туралы айтып берді.

"Жақында ғана Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Енді бұл келісімді ратификациялау қажет. Парламент ратификациялағаннан кейін индикативті жоспар мен Беларуське жеткізілуі мүмкін тауарлардың тізімін әзірлейміз. Мұнай өнімдерінің көлемі де сол кезде нақтыланады", - деді Ноғаев баспасөз конференциясы кезінде.

Мұнай қымбаттады: Теңге неліктен нығаймай жатыр

Министр Беларуське қазақстандық мұнай шамамен қазанға қарай жеткізілетінін айтты.

"Бүгін Қазақстан парламентінің жетінші сессиясы жабылды. Күзде парламент өз жұмысына кіріскен шақта біз қол қойылған осы құжатты парламенттің қарауына ұсынамыз", - деді министр Ноғаев.

Біраз бұрын Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Нұр-Сұлтанда жұмыс сапарымен болып, кездесу барысында екі ел арасында Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Жаңалықтар
0