Денсаулық

Қазақстанның оңтүстігінде вакцина құйылған құтыларды тасымалдаған көлік апатқа түсті

© Sputnik / Тимур НиталиевВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Вакцина құйылған құтыларды тасымалдаған көлік Алматыдан Талдықорғанға бара жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. "Спутник V" вакцинасының құтыларын тасымалдаған көлік Талдықорғанға бара жатқан жолда апатқа ұшырады. Салдарынан жеті мыңға жуық доза бүлінді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға осы жылдың 1 маусымында болды.

Ведомство ақпаратынша, "Спутник V" вакцинасы Алматыдағы Бірыңғай дистрибьютор хабынан Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілуге тиіс болған. Алайда тасымалдау кезінде көлік жол апатына түсті.

"Жүк оқиға орнынан Алматыдағы Бірыңғай дистрибьютор қоймасына, карантин аймағына жеткізілді. Олардың арасында бүлінбеген термоконтейнерлер де болды. Температура режимінің ауытқуына талдау жасалып, өнімдерде жарықшақ пен сызат бар-жоғы анықталды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Вакцина салдырғандар ауруханаға түсіп жатыр": денсаулық министрлігі түсініктеме берді

Талдау қорытындысы бойынша 6 875 доза бүлінген. Вакцинаның қалған бөлігі жарамды, деп толықтырды министрліктегілер.

Ведомстводан нақтылағандай, вакцина құтыларын "Медсервис Плюс" ҚФК" ЖШС-ға тиесілі көлік тасымалдаған. Компания бүлінген тауардың орнына жаңасын сатып алып, келтірілген шығынды толығымен өтеді. 

Айта кетсек, "Спутник V" вакцинасының бір дозасы 21,9-26 доллар тұрады.

Жаңалықтар
0