НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында алдағы үш тәулікте аптап ыстық болады. Оған Иран аудандарынан ығысатын ыстық және құрғақ ауа массалары әсер етеді.
Тек республиканың батысында және солтүстік-батысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ түсіп, жел күшейеді, ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында түнде сынап бағанасы 12-25℃, күндіз 30-44℃ көрсетеді. Шығыста түнде – 12-20℃, күндіз – 27-35℃, ал батыста түнгі уақытта температура 15-26℃ дейін түседі, күндіз 28-36℃ ыстық болады.
Дабылды ескерту
1-3 шілде аралығында күндіз Жамбыл облысында таулы және тау бөктері аудандарында найзағай жарқырап, бұршақ түседі, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Күндіз облыстың басым аумағында 41 градусқа дейін қатты ыстық болжанып отыр, төтенше өрт қаупі сақталады.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды – видео
Таразда 1-3 шілде күндіз – 15-20 м/с жел, 41 градусқа дейін ыстық.
Қарағандыда 1-2 шілде күндері 35-37 градус аптап ыстық күтілуде.
Жезқазғанда 30 маусым – 2 шілде күндіз ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.
Көкшетау мен Петропавлда 1-2 шілде күндіз сынап бағанасы 35-37 градусты көрсетеді.