Қоғам

Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді

© Sputnik / Абзал КалиевТурникеты в школе, медработник с термометром
Турникеты в школе, медработник с термометром - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп қызметкерлері мен оқушыларына тұрақты арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мұғалімдер мен оқушыларға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет етуге үйретеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол төтенше және апатты жағдайларда мұғалімдер мен оқушылардың әрекет ету алгоритмін енгізу жұмысын жеделдету қажет екенін айтты.

"Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп қызметкерлері мен оқушылар үшін тұрақты арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Соның барысында оларға теракт, шабуыл, өрт, жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі үйретіледі", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар, айтуынша, мектептердің қорғанысын күшейтумен қатар осындай талаптарды балабақша, колледж, жоғары оқу орындарында да жүзеге асыру керек.

Министр қысқа мерзімде мектептердің антитеррорлық қорғауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту қажет екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мектепке кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімі бекітілді

Еске салсақ, 11 мамырда Татарстанның Қазан қаласында мектепте қайғылы оқиға болды. Таңертең 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназияда оқ жаудырды. Мектепте 700 адам болған. Жеті бала мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды.

Татарстан басшысы 12 мамырды аза тұту күні деп жариялады.

Жаңалықтар
0